
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Астана ботаникалық бағы сіздерді халықтар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен құрметті дәріптейтін маңызды мерекемен шын жүректен құттықтайды.
Бұл күні біз түрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді, сан алуан көзқарастарды тоғыстыратын үйлесімділікті ерекше бағалаймыз. Біздің бақта да әлемнің әр түкпірінен жиналған өсімдіктер өзара жарасым тауып, сұлулық пен табиғи тепе-теңдіктің бірегей кеңістігін қалыптастырады.
Әр шаңыраққа татулық, бақ-береке мен қуаныш тілейміз! Еліміз әрдайым бірлік пен өзара қолдау рухында өркендей берсін.
Біздің оранжереялар бұрынғы жұмыс кестесімен істейді: сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін, касса 19:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. (Дүйсенбі біз жабықпыз - санитарлық күн!)
______________________
С праздником 1 мая - Днём единства народа Казахстана!
Астанинский ботанический сад поздравляет всех с этим важным и тёплым праздником, который символизирует дружбу, взаимопонимание и уважение между народами нашей страны.
В этот день мы особенно ценим гармонию, которая объединяет людей разных культур, традиций и взглядов - так же, как в нашем саду мирно сосуществуют растения со всего мира, создавая уникальное пространство красоты и баланса.
Пусть в каждом доме царят согласие, благополучие и радость, а наша страна продолжает развиваться в духе единства и взаимной поддержки.
Наши оранжереи работают в прежнем режиме: с 11:00 до 20:00, касса до 19:30, обеденный перерыв с 13:00 до 14:00. (Понедельник мы закрыты - санитарный день!) Отредактировано ·