RU
+7 (707) 705-16-61
21 наурыз — Халықаралық орман күні

21 наурыз — Халықаралық орман күні

Халықаралық орман күні — ормандардың экожүйедегі маңызды рөлін айқындайтын ерекше күн. Ормандар атмосфераны тазартып, көмірқышқыл газын сіңіреді және оттегі бөледі. Сонымен қатар, олар климаттың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, су айналымын реттеуге және топырақты қорғауға ықпал етеді.

Орман — биологиялық әртүрліліктің негізі. Ол көптеген өсімдіктер мен жануарлар үшін табиғи мекен ғана емес, сонымен қатар адамзатқа қажетті құнды ресурстардың көзі.

Қазіргі таңда ормандарға табиғи және антропогендік факторлар қауіп төндіруде. Осыған байланысты орман ресурстарын сақтау, қорғау және ұтымды пайдалану — маңызды міндеттердің бірі.

Табиғатқа жанашырлықпен қарау — ортақ болашағымызға қосылған үлес. Ормандарды қорғау — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.

_________________

21 марта — Международный день лесов

Международный день лесов — особая дата, подчеркивающая важную роль лесов в экосистеме. Леса очищают атмосферу, поглощают углекислый газ и выделяют кислород. Кроме того, они способствуют поддержанию климатической стабильности, регулируют водный баланс и защищают почву.

Лес — основа биологического разнообразия. Он является не только естественной средой обитания для множества растений и животных, но и источником ценных ресурсов для человека.

В настоящее время леса подвергаются воздействию природных и антропогенных факторов. В связи с этим сохранение, защита и рациональное использование лесных ресурсов остаются одними из ключевых задач.

Бережное отношение к природе — это вклад в наше общее будущее. Сохранение лесов — ответственность каждого из нас.