
Астана ботаникалық бағы мен Урбанистика орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Астана ботаникалық бағы мен Урбанистика орталығы тұрақты қалалық ортаны дамытуға, қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттыруға және бірлескен экологиялық әрі ағартушылық бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы, жасыл әрі экологиялық тұрғыдан тұрақты қала қалыптастыруды мақсат еткен ұйымдар арасындағы серіктестікті нығайтудың маңызды қадамы болды.
Келісім аясында тараптар сараптамалық білім мен тәжірибе алмасуды, бірлескен зерттеулер жүргізуді, қалалық аумақтарды көгалдандыру жобаларын әзірлеуге қатысуды, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Ынтымақтастық қалалық ортаны абаттандыру мен көгалдандырудың заманауи тәсілдерін енгізуге, биоалуантүрлілікті сақтауға және тұрғындар арасында экологиялық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
Астана ботаникалық бағы елорданың тұрақты дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен серіктестік байланыстарды белсенді түрде дамытуды жалғастыруда.

Астанинский ботанический сад и Центр урбанистики подписали меморандум о сотрудничестве
Астанинский ботанический сад и Центр урбанистики подписали меморандум о взаимном сотрудничестве, направленный на развитие устойчивой городской среды, повышение качества общественных пространств и реализацию совместных экологических и просветительских инициатив.
Подписание меморандума стало важным шагом в укреплении партнерства между организациями, объединенными общей целью - созданием комфортного, зеленого и экологически устойчивого города для жителей и гостей столицы.
В рамках соглашения стороны планируют обмениваться экспертными знаниями и опытом, проводить совместные исследования, участвовать в разработке проектов по озеленению городских территорий, а также организовывать образовательные и общественные мероприятия, направленные на формирование экологической культуры населения.
Сотрудничество будет способствовать внедрению современных подходов к благоустройству и озеленению городской среды, сохранению биоразнообразия и популяризации экологических ценностей среди населения.
Астанинский ботанический сад продолжает активно развивать партнерские отношения с государственными, научными и общественными организациями для реализации проектов, направленных на устойчивое развитие столицы."