
Біз Өңірлік экологиялық саммитке қатыстық
Астанада 22–24 сәуір аралығында өткен Өңірлік экологиялық саммитке Астана ботаникалық бағының қызметкерлері қатысты.
Ауқымды халықаралық іс-шараға түрлі елдерден мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың, бизнес өкілдерінің және экологиялық бастамалардың өкілдері жиналды. Саммит ашық диалог орнату мен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы бірлескен шешімдерді әзірлеуге арналған маңызды алаңға айналды.
Үш күн бойы қатысушылар климаттың өзгеруі, биоалуантүрлілікті сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жасыл технологияларды енгізу, экологиялық туризмді дамыту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мәселелерін талқылады. Халықаралық ынтымақтастық пен озық тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Саммит аясында панельдік сессиялар, сараптамалық пікірталастар, іскерлік кездесулер және экологиялық жобалардың таныстырылымдары өтті.
Осындай іс-шараларға қатысу кәсіби білімді кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және заманауи экологиялық бастамалармен танысуға ықпал етеді.
______________
Приняли участие в Региональном экологическом саммите
Сотрудники Астанинского ботанического сада приняли участие в Региональном экологическом саммите, который прошёл в Астане с 22 по 24 апреля.
Масштабное международное мероприятие объединило представителей государственных органов, международных организаций, научного сообщества, бизнеса и экологических инициатив из разных стран. Саммит стал важной площадкой для открытого диалога и выработки совместных решений в сфере охраны окружающей среды и устойчивого развития.
В течение трёх дней участники обсуждали вопросы изменения климата, сохранения биоразнообразия, восстановления экосистем, рационального использования водных ресурсов, внедрения зелёных технологий, развития экологического туризма и повышения экологической культуры населения. Особое внимание было уделено международному сотрудничеству и обмену передовыми практиками.
В рамках саммита состоялись панельные сессии, экспертные дискуссии, деловые встречи и презентации экологических проектов.
Посещение подобных мероприятий способствует расширению профессиональных знаний, обмену опытом и знакомству с современными экологическими инициативами.