RU
+7 (707) 705-16-61
Лиственница сибирская

Лиственница сибирская

🔹 Лиственница сибирская (лат. Lárix sibírica) – вид хвойных деревьев из рода Лиственница (Lárix) семейства Сосновые (Pinaceae). Дерево высотой до 30-40 м и диаметром ствола 80-100 (до 180) см. Крона молодых деревьев пирамидальная, позже становится овально-округлой.

🌲 Вершинные почки широко-конические; боковые – полушаровидные, желтовато-бурые. Хвоя мягкая, узколинейная, длиной 13-45 мм, шириной до 1,6 мм, плоская с туповатой верхушкой, светло-зелёная, с сизоватым налётом, собрана по 30-40 штук в пучке. Осенью хвойники, как у других видов лиственницы, опадают.

🎋 Шишки яйцевидные или продолговато-овальные, сначала пурпурного, затем светло-бурого или светло-жёлтого цвета, длиной 2-4 см, шириной 2-3 см, состоят из 22-38 чешуек, распложены в пять-семь рядов. Семенные чешуи длиной 13-20 мм, шириной 10-15 мм, с ровным краем, округлые или яйцевидные, снаружи с густым бархатистым опущением из рыжих волосков.

Семена косо-обратнояйцевидные, мелкие, длиной 2-5 мм, шириной 3-4 мм, желтоватые, с тёмными полосками и крапинками; крыло длиной 8-17 мм, шириной 4-6 мм, с одной стороны почти прямолинейное, с другой полого-закруглённое. Семенные годы через два-три года; в северных районах реже, через шесть-семь лет.


Сібір балқарағайы

🔹 Сібір балқарағайы (лат. Lárix sibírica) – қарағайлар тұқымдасының (Pinaceae) балқарағай (Lárix) туысына жататын қылқан жапырақты ағаштардың бір түрі. Ағаштың биіктігі 30-40 м және диаметрі 80-100 (180 дейін) см. Жас ағаштардың жоғарғы жағы пирамида тәрізді, кейінірек сопақша дөңгелекке айналады.

🌲 Жоғарғы бүршіктердің пішіні кең конустық; бүйірлері шардың жартысы тәрізді, сарғыш-қоңыр түсті. Инелері жұмсақ, жіңішке сызықты, ұзындығы 13-45 мм, ені 1,6 мм-ге дейін, жоғарғы жағы жалпақтау үшкір емес, ашық жасыл, көкшіл жабындысы бар, 30-40 дана шоққа жиналған. Күзде қылқан жапырақтылар, басқа балқарағайлар сияқты түсіп қалады.

🎋Шыршаның бүрі жұмыртқа тәрізді немесе ұзын-сопақ, алдымен күлгін, содан кейін ашық-қоңыр немесе ашық сары түсті, ұзындығы 2-4 см, ені 2-3 см, бес-жеті қатарға орналасқан, 22-38 қабыршақтан тұрады. Тұқым қабыршықтарының ұзындығы 13-20 мм, ені 10-15 мм, жиегі тегіс, дөңгелек немесе жұмыртқа тәрізді, сырт жағында қызыл түктерден тұратын қалың барқыт жабындысы болады.

Тұқымдары қиғаш сопақша, ұсақ, ұзындығы 2-5 мм, ені 3-4 мм, сарғыштау, қара жолақтары мен дақтары бар; қанатының ұзындығы 8-17 мм, ені 4-6 мм, бір жағы түзу болып келеді, екінші жағы жұмсақ дөңгелектенген. Екі-үш жылдан кейін тұқымдары пайда болады; ал солтүстік аймақтарда сирек, алты-жеті жылдан кейін пайда болады.