
Пахира водная
🔹Пахира водная (лат. Pachira aquatica) – растение семейства Мальвовые (Malvaceae), вид рода Пахира. Род включает более 45 видов , наиболее близкими родственниками являются баобаб и дуриан. Название Pachira присвоил роду в 1775 году французский натуралист Жан Батист Обле.
Вот некоторые его ботанические характеристики:
Корни: Вечнозелёное дерево имеет характерные ходульные корни.
🎋 Стебель: Пахира водная может достигать в высоту 18 метров. Стебель утолщен к низу, каудекс в предкорневой системе служит для запаса воды.
🌿 Листья: Кожистые пальчато-сложные тёмно-зелёного цвета листья состоят из ланцетовидных листочков на длинных черешках.
🌸 Цветение: Белые или желтоватые цветки собраны в крупные (длиной до 35 см) метельчатые соцветия.
🍒Плоды: Растение называют «ореховым деревом». Плод – одревесневающая овальная ягода оливкового цвета длиной до 25 см. Внутри имеются округлые семена. Плод содержит много йода, по вкусу напоминает грецкий орех.
🌏Распространение: Растение произрастает во влажных районах Центральной и Южной Америки, Африке и Индии .
✅Семена пахиры используют для наполнения подушек, древесину – для изготовления снастей.

Pachira aquatica
🔹Pachira aquatica – Malvaceae тұқымдасының Pachira туысына жататын өсімдік түрі. Бұл туысқа 45- тен астам түр кіреді, ең жақын туыстары: баобаб, дуриан. Пахира туысының атауын 1775 жылы француз табиғат зерттеушісі Жан Батист Обле берген.
Міне, оның кейбір ботаникалық сипаттамалары:
Тамырлар: мәңгі жасыл ағаш тектес өсімдік, өзіне тән тірек тамырлары бар.
🎋 Сабағы: Пахираның биіктігі 18 метрге жетуі мүмкін. Сабақ төмен қарай жуандаған, тамыр алды каудексі сумен қамтамасыз етуге арналған.
🌿Жапырақтары: қою жасыл түсті қалың саусақты-салалы жапырақтары ұзын сағақтарда орналасқан.
🌸Гүлденуі: Гүлдер ақ немесе сарғыш, үлкен (ұзындығы 35 см-ге дейін) сыпыртқы тәрізді гүлшоғырларда жиналады.
🍒 Жемістер: Өсімдік "жаңғақ ағашы"деп аталады. Жемісі – ұзындығы 25 см-ге дейін зәйтүн түсті сопақша жидек, ішінде дөңгелек тұқымдар бар. Жемісте көп йод бар, дәмі жаңғаққа ұқсайды.
🌏 Таралуы: Өсімдік орталық және Оңтүстік Американың, Үндістанның және Африканың ылғалды аймақтарында өседі.
✅Пахира тұқымдары жастықтарды толтыру үшін, ағаш кейде балық аулау жабдықтары жасау үшін қолданылады.