
Саговник Михолица
🔹 Саговник Михолица (лат. Cycas micholitzii) – вечнозелёное древовидное растение рода Саговник. Видовое латинское название дано в честь Вильгельма Михолица (1854-1932), собирателя растений и насекомых в Азии и Новой Гвинеи.
🎋 Развитый надземный ствол отсутствует, деревянистое основание диаметром 10-15 см в узком месте; в кроне от 2 до 6 листьев.
🌿 Листья ярко-зелёные, полуглянцевые или тусклые, длиной 110—240 см. Черешок длиной 50-105 см (40-55 % от длины листа).
🔸Пыльцевые шишки узко яйцевидные или веретенообразные, жёлтые, 15-25 см, 3-5 см диаметром. Мегаспорофилы глубоко гребенчатые. Семена яйцевидные.
🌎 Вид распространён в Лаосе и Вьетнаме. Встречается на высоте от 130 до 600 м над уровнем моря. Этот вид растёт в низком, кустарниковом, но достаточно густом редколесье со значительным сезонными (муссонными) осадками и дополнительными круглогодичными горными осадками.

Cycas micholitzii
🔹 Cycas micholitzii –Саговник туысының мәңгі жасыл ағаш тәрізді өсімдігі. Түрдің латынша атауы Азия мен Жаңа Гвинеядағы өсімдіктер мен жәндіктерді жинаушы Уильям Михолицтің (1854-1932) құрметіне берілген.
🎋 Жер үстіндегі дамыған сабағы жоқ, ағаш тәрізді негізінің жіңішкерген бөлігінің диаметрі 10-15 см; тәжінде 2-ден 6-ға дейін жапырақтары болады.
🌿 Жапырақтары ашық жасыл түсті, жартылай жылтыр немесе күңгірт, ұзындығы 110-240 см-ге жетеді. Сағақтарының ұзындығы 50-105 см (40-55% жапырақ ұзындығынан).
🔸 Тозаң бүрлері жіңішке жұмыртқа тәрізді немесе ұршық тәріздес, сары, 15-25 см, диаметрі 3-5 см. Мегаспорофилдер терең айдарлы. Тұқымдары жұмыртқа тәрізді.
🌎 Лаос пен Вьетнамда кең таралған түрі. Ол теңіз деңгейінен 130-дан 600 м биіктікте кездеседі. Өсімдіктің бұл түрі төмен бұталы, бірақ жеткілікті қалың орманды алқаптарда өседі, айтарлықтай маусымдық (муссондық) жауын-шашын және жыл бойы қосымша жауын-шашын болатын жерлерде кездеседі.