RU
+7 (707) 705-16-61
Совещание с участием депутатов Парламента РК

Парламент депутаттарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті

2025 жылдың 7 қарашасында Астана ботаникалық бағында Парламент депутаттарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, Сатвалдиев Алишер Гапиржанұлы, Мәжіліс депутаты Керімбек Болат Бақбергенұлы қатысты.

Кездесу барысында Ботаника және фитоинтродукция институты мен оның филиалдарының қызметі, сондай-ақ ғылыми және ағартушылық жұмыстың дамуы мәселелері талқыланды. Депутаттар суккуленттер коллекциясымен танысып, тропикалық жылыжай мен ғылыми зертханаларды аралады. Онда мамандар жүргізіліп жатқан зерттеу нәтижелері мен сирек және сәндік өсімдік түрлерін сақтау және интродукциялау бойынша жобаларды таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ботаникалық бақтардың қызметін жоғары бағалап, өзекті мәселелерді шешу бойынша алдағы қадамдарды айқындады.

____________

В Астанинском ботаническом саду 7 ноября 2025 года прошло рабочее совещание с участием депутатов Парламента. В совещании приняли участие депутаты Сената Парламента Республики Казахстан Сарыбаев Галиаскар Толендиевич, Сатвалдиев Алишер Гапиржанович и депутат Мажилиса Керимбек Болат Бакбергенович.

Обсуждались вопросы деятельности Института ботаники и фитоинтродукции и его филиалов, развитие научной и просветительской работы. Депутаты ознакомились с коллекцией суккулентов, посетили тропическую оранжерею, а также научные лаборатории, где специалисты представили результаты текущих исследований и проекты по сохранению и интродукции редких и декоративных видов растений.

По итогам встречи участники оценили работу ботанических садов и наметили шаги по решению актуальных вопросов.