RU
+7 (707) 705-16-61
Тәжірибемізбен бөлістік

Тәжірибемізбен бөлістік

Ботаника және фитоинтродукция институты Астана ботаникалық бағымен бірлесіп, Expo Flora Astana халықаралық гүл өсіру көрмесіне қатысты.

Көрме аясында біздің ұжым көгалдандыру және биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы ғылыми әзірлемелерін, тәжірибелік жұмыстарын және заманауи тәсілдерін ұсынды. Келушілер біздің көрме стендіне ерекше қызығушылық танытып, өсімдіктер ассортименті, интродукцияның заманауи әдістері және қалалық көгалдандырудағы тұрақты шешімдер туралы белсенді түрде пікір алмасты.

Сонымен қатар, біз көрменің іскерлік бағдарламасы аясында қалалық аумақтарды көгалдандыру тақырыбында баяндама жасадық. Баяндама барысында қазіргі тенденциялар, экологиялық тәсілдер және жасыл инфрақұрылымды дамытудың болашағы талқыланды.

Expo Flora Astana көрмесіне қатысу тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және ғылыми білімді кеңінен насихаттауға үлкен мүмкіндік берді.

Көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, жылы қабылдауы және осындай маңызды халықаралық іс-шараның бір бөлігі болуға мүмкіндік жасағаны үшін ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз! 

_________________

Поделились опытом

Институт ботаники и фитоинтродукции совместно с Астанинским ботаническим садом приняли участие в международной выставке цветоводства Expo Flora Astana.

В рамках выставки наша команда представила собственные научные разработки, практический опыт и подходы в области озеленения и сохранения биоразнообразия. Особый интерес у посетителей вызвал наш выставочный стенд: гости активно интересовались ассортиментом растений, современными методами интродукции и устойчивыми решениями для городского озеленения.

Также мы выступили в деловой программе выставки с темой, посвящённой актуальным вопросам озеленения городских территорий. В ходе выступления были затронуты современные тенденции, экологические подходы и перспективы развития зелёной инфраструктуры.

Участие в Expo Flora Astana стало важной площадкой для обмена опытом, установления профессиональных связей и популяризации научных знаний.

Выражаем искреннюю благодарность организаторам выставки за высокий уровень проведения, тёплый приём и возможность стать частью такого значимого международного события!