
Астана ботаникалық бағында зәйтүн ағашы отырғызылды
Бүгін, 2025 жылдың 11 қараша күні, Астана ботаникалық бағының тропикалық өсімдіктер оранжереясында ерекше іс-шара өтті — Қазақстан мен Израиль Мемлекеті арасындағы ынтымақтастық пен достықтың символы ретінде зәйтүн ағашы отырғызылды.
Салтанатты рәсімге келесі тұлғалар қатысты: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация мәселелері жөніндегі бірінші вице-министрі Нурлан Алдамжаров, Израиль Мемлекетінің өңірлік ынтымақтастық жөніндегі министрі Давид Амсалем, Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Йоав Бистрицкий, Министрдің кеңесшісі Хаккук Элияху, Бас директор Гилад Шадмон, Мемлекеттік компаниялар басқармасының директоры Рои Кахлон, Астана ботаникалық бағының директоры Медеу Ражанов.
Зәйтүн ағашы — ежелден келе жатқан бейбітшілік пен өзара түсіністіктің, ұзақмерзімді ынтымақтастықтың нышаны. Бұл ағаштың елорда жүрегінде отырғызылуы екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюының жарқын белгісі болды.
Салтанатты рәсімнен кейін қонақтарға тропикалық оранжерея бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар мұндағы экзотикалық өсімдіктердің бірегей топтамасымен танысып, бақ қызметінің жоғары деңгейін, әсемдігін және алуан түрлілігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ботаникалық бақтың экологиялық ағартушылық бағытындағы үлесін жоғары бағалады. Астана ботаникалық бағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен экологиялық бастамаларды ілгерілетуге арналған маңызды алаң ретінде өз қызметін жалғастыруда.

В Астанинском ботаническом саду посадили оливковое дерево
Сегодня, 11 ноября 2025 года, в оранжерее тропических растений Астанинского ботанического сада состоялось особое событие — посадка оливкового дерева как символа сотрудничества и дружбы между Казахстаном и Государством Израиль.
В церемонии приняли участие: Первый Вице-министр водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан Нурлан Алдамжаров, Министр регионального сотрудничества Государства Израиль- Давид Амсалем, Посол Республики Израиль в Казахстане Йоав Бистрицкий, Советник министра Хаккук Элияху, Генеральный директор Гилад Шадмон, Директор Управления государственных компаний Рои Кахлон, Директор Астанинского ботанического сада Медеу Ражанов.
Оливковое дерево — древний символ мира, взаимопонимания и долгосрочного сотрудничества. Посадка этого дерева в сердце столицы стала ярким знаком укрепления дружеских отношений между двумя странами.
После церемонии гостям была проведена экскурсия по тропической оранжерее, где они ознакомились с уникальной коллекцией экзотических растений. Гости отметили высокую организацию работы, красоту и разнообразие ботанического сада, выразив восхищение его вкладом в развитие экологического просвещения. Астанинский ботанический сад продолжает оставаться площадкой для международного диалога, сотрудничества и продвижения экологических инициатив.