
Флора және өсімдіктер ресурстары зертханасы
Астана ботаникалық бағының Флора және өсімдіктер ресурстары зертханасы 2019 жылы құрылды. Негізгі мақсаты – Орталық және Солтүстік Қазақстан флорасын зерттеу. Ғалымдар өсімдіктердің таралу ерекшеліктерін, популяциялық құрылымын және өсу жағдайларын зерттейді. Маңызды міндеттердің бірі – сирек және жойылып бара жатқан түрлерді қорғаудың ғылыми негіздерін әзірлеу.
Басты бағыттардың бірі – әртүрлі табиғи аймақтар мен мекендеу орындарында өсетін тамырлы өсімдіктердің алуан түрлілігін барынша толық көрсететін өңірлік гербарий құру.
Ғылыми зерттеулерден бөлек, зертхана құрамында Астана ботаникалық бағының гербарий қоры жұмыс істейді. Ол 2019 жылдан бастап жинақтала бастады және бүгінде Солтүстік Қазақстандағы ең ірі гербарийлердің бірі болып табылады.
Қорда 21 000-нан астам гербарий үлгілері бар. Олар зертхана қызметкерлерінің далалық экспедицияларында жиналған, сондай-ақ басқа ғылыми мекемелермен алмасу және сыйға тарту арқылы толықтырылған. Гербарийдің ғылыми әрі білім беру құндылығы зор, ол зерттеулер жүргізуге, студенттерді оқытуға және өсімдіктер дүниесі туралы білімді таратуға қызмет етеді.

Лаборатория флоры и растительных ресурсов
Лаборатория флоры и растительных ресурсов Астанинского ботанического сада была создана в 2019 году. Её основная цель — изучение флоры Центрального и Северного Казахстана. Сотрудники исследуют особенности растений, их распространение, популяционную структуру и условия произрастания. Важная задача — разработка научных основ для охраны редких и исчезающих видов.
Одним из приоритетов является создание регионального гербария, который должен максимально полно отразить всё разнообразие сосудистых растений региона в разных природных зонах и типах местообитаний. Помимо научных исследований, при лаборатории действует гербарный фонд Астанинского ботанического сада. Он начал формироваться в 2019 году и сегодня является одним из крупнейших в Северном Казахстане.
Коллекция насчитывает более 21 000 гербарных образцов, собранных во время полевых экспедиций и полученных в результате обмена с другими научными учреждениями. Гербарий имеет высокую научную и образовательную ценность, служит базой для исследований, обучения студентов и популяризации знаний о растительном мире.